Пәтерді жалға алып, қымбат теледидарды ұрлап кеткен

0

Қызылордада пәтерді жалға алған адам онда тұрған қымбат теледидарды ұрлап кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына қала тұрғынынан арыз түсті. Онда 60 жастағы әйел өзінің арызында жалға берген пәтерінде қымбат теледидар ұрланғанын айтқан. Оған күдікті ретінде пәтерде уақытша тұрып жатқан адам көрсетілген.

«Пәтер иесі үйін тексеруге келгенде пәтерден қымбат теледидар қолды болғанын көрген. Бұл жөнінде әйел полицияға дереу хабарласқан. Күдікті пәтер иесіне 250 мың теңге шығын келтірген. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Қазір 28 жастағы қызылордалық тұрғынға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1 — бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Соңғы уақытта осы тектес деректер жиілеп кетті. Сондықтан жалға беру шарттарын міндетті түрде заңдастыруға кеңес береміз», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Сондай-ақ, Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан 2 әйел қолға түсті.