Назарбаев «қолын сүйген» жазушы Әбіш Кекілбаев музейіне барды

0

Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау сапарында қазақтың белгілі жазушысы Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы Elbasy.kz сайты жазды.

Сондай-ақ Н.Назарбаев Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспонаттарымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы желтоқсанның 5-інде Астана қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрында Әбіш Кекілбаевтың 70 жасқа толған мерейтойы кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаев Әбіш Кекілбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беріп, «Алтын жұлдыз» белгісін тақты.

Осынау құрметке қатты толқыған Әбіш Кекілбаев: «Жер бетінде қаламгер еңбегінің қадірі азайып, қасиеті кеміп жатқанда біздің елімізде ол бұрынғысынша ардақталып, бұрынғысынша ұлықталуда» деп жауап қайтарып, еңкейіп президенттің қолынан сүйді.