Қазақстанның бірнеше өңірінде бензин қымбаттады

0

Биылғы қаңтар-шілде айларында елімізде мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 миллион тоннаға жетті.

Қазақстанның бірнеше өңірінде бензин қымбаттады.

Еnergyprom.kz сарапшыларының айтуынша, биылғы қаңтар-шілде айларында елімізде мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 миллион тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға төмен екен.

«2020 жылдың тамызында бензин өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,4 пайызға қымбаттады. Ең жоғары баға Жамбыл (5,7 пайызға) және Алматы (4,3 пайызға) облыстарында, сондай-ақ Алматыда (4,2 пайызға) тіркелді. АИ-98 маркалы бензин бір жылда 2,6 пайызға, АИ-92 2,5 пайызға, ал АИ-95/96 1,2 пайызға қымбаттады. Дизель отыны, керісінше, аздап арзандады», – дейді сарапшылар.