Жаңаөзенде көшеден жаңа туған сәби табылды
Бала Рахат шағынауданындағы жеке үйдің жанындағы көшелердің бірінен табылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Табылған бала туралы ақпарат «103» пультіне 11 қыркүйекте сағат 23: 05-те оның жылағанын естіген жергілікті тұрғындардан түсті.
Жедел жәрдем тобы жаңа туған нәрестені Жаңаөзен қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізді.
Құтқарылған баланың салмағы 2 келі 740 грамм, бойы 49 сантиметр болатын. Ол 31 градус температурамен қабылданды. Кіндікті шамамен жұлып алған.
— Қазіргі уақытта нәресте жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың жағдайы қиын деп бағаланады. Оған ылғалдандырылған оттегі беріледі, өздігінен тыныс алады және парентеральды тамақтануда. Баланың қай жерде дүниеге келгені және қанша күндік екені белгісіз,- деп хабарлады департамент.