Мұнай қымбаттады  — Экономика|03 Желтоқсан 2018, 13:55

0
03 Желтоқсан 2018, 13:55 161 0

Астана, BAQ.KZ. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымдары (МЭЕҰ) келісімі бойынша Ресей мен Сауд Арабиясы мәмілесі туралы жаңалықтарда мұнайдың әлемдік бағасы дүйсенбі күні таңертең 5% қымбаттады. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлады.

Мәскеу уақыты бойынша 7.13 Brent маркалы солтүстік теңіздік мұнай қоспасының ақпан фьючерстерінің құны 4,91% — бір баррелі үшін 62,4 долларға дейін қымбаттады. WTI маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерініі бағасы 5,38% — бір баррелі үшін 53,66 долларға дейін артты.

Сенбі күні РФ президенті Владимир Путин Ресей мен Сауд Арабиясы арасында МЭЕҰ келісімін ұзарту туралы мәміле бар екенін, алайда, тараптар көлеміне қатысты бір шешімге келмегенін айтты. Ал энергетика министрі Александр Новак МЭЕҰ болашақ келісімі талаптапы алдағы күні Венада өтетін конференция барысында талқыланатынын мәлімдеді.

Осы аптада Венада МЭЕҰ министрлік мониторингтік комитет отырысы, МЭЕҰ мүше мемлекеттер мигистрінің жиыны, ұйымға мүше барлық 25 елдің министрлерінің кездесуі өтеді.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ