Ерте қартаюға әкелетін тағамдар анықталды
Диетолог Елена Соломатина ерте қартаюға әкелетін өнімдерді анықтады, деп хабарлайды «Вечерняя Москва» басылымы.
Диетологтың айтуынша, майға термиялық өңделген кез келген тамақ канцерогенді (қатерлі ісікке әкелетін қоршаған ортадағы заттар-авт.) қалыптастырады. Ал ол өз кезегінде коллагенді, дәнекер тінінің негізін құрайтын ақуызды зақымдайды. Коллаген мөлшері терінің серпімділігіне әсер ететіні белгілі.
«Зиянды тағамдарды пайдалану кезінде тері босап, көп ұзамай әжімдерге толады», — деп түсіндірді дәрігер. Сәйкесінше, ақуыздың болмауы терінің бастапқы серпімділігі мен тегістігін қалпына келтіруін қиындатады.
Маман жас мөлшері өзгерістерінің алдын алу үшін зиянды тағамдардан бас тарту және диетаны коллаген бар өнімдерге толықтыруды, сондай-ақ стресстік жағдайлардан аулақ болу керек екенін анықтаған.
Шілде айында Эдинбург университетінің ғалымы, доктор Рупи Ауйла (Rupy Aujla) терінің денсаулығы мен жас болуын бүкіл дененің денсаулығын бақылау арқылы қолдауға болатындығын айтты. Оның айтуынша, антиоксиданттар, коллаген және минералдардың көп мөлшері бар тағам бүкіл денені қалпына келтіруге көмектеседі. Яғни әртүрлі көкөністер мен жемістерді пайдалану терінің жастығын сақтауға көмектеседі.
stan.kz