Қос азаматтығы барлар жұмыстан шығарылады — Тоқаев жолауда не айтты?

0

✍️ Қоғам дамуының тамырына балта шауып отырған ең негізгі кесел — жемқорлық. Тиісті құзырлы орындар жемқорлық пен сыбайластыққа қарсы күресті қатаңдату керек.

✍️ Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылады.

✍️ Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді.

✍️ Латифундистерден,ірі жер иеленушілерден пайдаланбай жатқан жерді қайтарып алатын кез келді

✍️ Үкіметтің жіберген қателігі баршамызға мәлім. Осы қиын күндерде мектептерде білім берудің бірыңғай онлайн форматын жасақтай алмады… Осы тапсырманы жеделдетіп жүзеге асыруды тапсырамын!

✍️ 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға арттыру туралы шешім қабылдадым. Одан кейінгі уақытта да жалақы кезең-кезеңімен өсетін болады.

✍️ Жыл соңына дейін еліміздің әр өңірінде жұқпалы ауруларға арналған 13 аурухана салынып бітеді.

✍️ Елімізде әрбір алтыншы отбасы перзентке зәру. Сондықтан «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асырып,әр отбасына қуаныш сыйлауымыз керек.