1 қыркүйекте студенттер қалай оқиды: Минситрлік жауап берді

0

Студенттерге оқу 1 қыркүйекте басталады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі студенттер мен магистранттар үшін оқыту қалай ұйымдастырылатыны туралы айтты.

Бакалавр. 1 КУРС 

Күзгі семестр қашықтық форматта ұйымдастырылады.

Оқу 1 қыркүйекте басталады. Бұл күні барлық іс-шаралар онлайн режимінде өтеді.

1 курс студенттері үшін 24 тамыздан бастап университеттің саясатымен және қашықтықтан оқыту форматымен танысу үшін онлайн режимінде бағдарлау апталығы өткізілуде.

Интернетке қол жетімділігі жоқ шалғай аймақтардан келген студенттер үшін, сондай-ақ оқу базалары (ноутбуктар және т.б.) жатақханаларда компьютерлік технологиялармен қамтамасыз етіліп, ғимаратқа бармай-ақ онлайн режимінде оқытылады.

Бакалавр. 2-4 КУРС

2-4 курс студенттеріне арналған оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап университеттер өз студенттеріне онлайн режимінде танысу кездесулерін өткізуде.

Оқытуды педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және ақпараттық технологиялар саласындағы толық қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру ұсынылады.

Жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау және өнер сияқты салаларда аралас оқыту форматы ұсынылған. Дәрістер мен семинарлар онлайн режимінде, зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар — кампуста өтеді, бірақ қазан айынан ерте емес.

Офлайн режимде өткізілетін пәндер туралы ақпарат алу үшін студенттер университеттермен байланысу керек.

Магистратура

Магистранттарды оқыту қашықтықтан 14 қыркүйекте басталады.

Кешенді тестілеу 31 тамызда аяқталады;

Грантқа өтініштер 5 қыркүйекке дейін қабылданады;

7 қыркүйекте грант конкурсының нәтижелерін жариялау жоспарлануда;

8 қыркүйектен бастап жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге) грант тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау басталады;

11 қыркүйекке дейін жоғары оқу орындарына түсуге өтініштер қабылданады.

2 курс магистранттары үшін ғылыми-зерттеу жұмысы қашықтық форматта ұйымдастырылады. Сонымен бірге, қажет болған жағдайда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру магистранттардың қалауы бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.

Зертханалық және практикалық жаттығулар жеке кесте бойынша, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып өткізіледі.

Бұл кестені нақтылау үшін магистранттар өздерінің университеттерімен байланысу керек.