Қазақстан таэквондодан Азия чемпионатында 22 медаль иеленді
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен ITF таэквондодан Азия чемпионатына бірінші рет қатысып отыр. Ел қоржынында 14 алтын, 2 күміс пен 6 қола медаль бар. Бұл жөнінде Астана әкімдігі хабарлады.
«Спортшыларға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктелді. Енді біз құрама команда лайықты жарыс көрсетті дей аламыз. Үздіксіз еңбек пен бапкерлердің стратегиялық дұрыс ойластырылған жұмысы, ата-аналардың қолдауы арқасында олар жоғары нәтижеге қол жеткізді», — деп жазылған хабарламада.
Әр елден барлығы 600-ге жуық спортшы өз шеберліктерін көрсету үшін келген. Азия чемпионы атағы үшін Малайзия, Иран, Судан, Қытай, Қазақстан және тағы бірқатар ел таласты.
Қазақстанның ұлттық құрамасын 12 спортшы таныстырды: Болат Бибарыс, Есқалиев Айдын, Амангелдинов Арсен, Маулен Айбек, Егизбаев Айбек, Анохин Степан, Нұрперзентова Екатерина, Онжанова Жадыра, Цой Вячеслав, Сайдалин Талғат, Ни Игорь және Ануарбек Ислам.
Екі алтын медаль мен Абсолютті Азия Чемпионы атағын иеленгендер: Анохин Степан, Сайдалин Талғат және Екатерина Нұрперзентова мен Болат Бибарыс. Ол небәрі 8 жаста және турнирдегі ең жас спортшы.
Сондай-ақ, Қазақстан қоржынына алтын медаль әкелгендер: Амангелдинов Арсен, Есқалиев Айдын, Цой Вячеслав, Ануарбек Ислам. Ал Онжанова Жадыра күміс медаль жеңіп алса, Егизбаев Айбек, Маулек Айбек, Ни Игорь қола жүлделі болды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ