Ұлттық ұланның генерал-майоры Мұхаметқали Сатов қайтыс болды

0

Қазақстан Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы, Әскери кеңесі және ардагерлер кеңесі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Құсайынұлы Сатовтың кенеттен қайтыс болуына байланысты қатты қайғырады және оның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген Ұлттық Ұланның хабарламасында.

Мұхаметқали Сатов 1961 жылы 29 маусымда Қарағандыда дүниеге келген.