«Күзде індет өршіп, балалар ауырып, өлуі мүмкін бе?»: Бас санитар жауап берді

0

Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігеріне осындай сұрақ қойылды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова «Түнде тікұшақ ауаға белгісіз газ шашады. Сондықтан тұрғындар ұйықтар алдында үйінің терезесін жуып жатуы керек. Балаларды далаға шығаруға болмайды.

Қаладағы ауруханаларға балалар төсегі әкелініп жатыр деген ақпарат бар. Күзде індет өршіп, балалар ауырып, өлуі мүмкін бе?» деген ақпарат желіде тарап жатыр. Бұл мәлімет қаншалықты рас? Неге адамдар мұны жиі айтып жүр?» – деген сұраққа жауап берді.

Ол бұл жалған, негізсіз ақпарат екенін алға тартып, халықты әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан жел сөзге сенбеуге шақырды.

«Коронавирус инфекциясының таралмауы үшін дезинфекция жүргізіліп жатыр. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен халықты тексерілген ақпаратқа ғана сенуге шақырамын. Ақпаратты тек ресми дерек көздерінен оқыңыздар», – деді Айжан Есмағамбетова.

inbusiness.kz