Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидрометтің хабарлауынша, 15 тамызда Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Қарағанды облысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында найзағай күркірейді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысында найғазай соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең 15 тамызда Ақмола облысында тұман болады.
Батыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с.
Атырау облысында найзағай соғады. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кейжерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100 %.
stan.kz