Ақтөбеде мектептің төбесі отадан шыққан оқушының үстіне құлап түскен — новости Казахстана

0

Ақтөбе қаласындағы #40 мектептің 9 сынып оқушысы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Сабаққа барған оқушының миы шайқалып, ауруханаға түскен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде мектептің опырылған төбесі отадан шыққан оқушының үстіне құлаған

Осыған дейін 30 қараша күні мектептің төбесі құлаған кезде 9 оқушы жарақат алғаны туралы жазған болатын.

«Сол күні мектепке кеткен қызым хабарласты. «Мені ауруханаға алып барады. Сізді де шақырып жатыр» деген соң жүгіріп бардым. Өзім де дәрігер болған соң үстін қарап шықтым. Көзге көрінетін жарақат жоқ екен. Қызым қорқып қалған. Тамыз айында ғана  отадан шыққан болатын», — дейді анасы Марал Тусина

Дәрігерлер оқушының денсаулығын бақылап отырғанын хабарлады.

«14 жастағы оқушы оң жақ иығы жұмсақ етінің соғылуы, жабық бас ми жарақаты, бас миының шайқалуымен түсті. Ем алып жатыр», — дейді дәрігер Бағдат Жұмабаева.

Естеріңізге салсақ, 30 желтоқсан күні Ақтөбе қаласындағы # 40 мектептің төбесі оқушылардың үстіне опырылып түскен болатын. Оқушылар құлаған төбенің астында қалған.

Нәтижесінде, мектептегі мерекелік шарада жүрген 9 оқушы аудандық ауруханаға түсті. 8 оқушы дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне қайтарылған.

Тек 6 сынып оқушысы Таңнұры Амантай ғана облыстық балалар ауруханасында жатыр.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар