Жақсы жұмыс табуға 15 кеңес
Жұмыс табудың машақаты зор. Қалаған жұмысың табылса, қанекей. Жұмыс іздеп жүрген жандар үшін төмендегі қысқа кеңестерімізді ұсынамыз.
1. Әрқашанда жұмыс табылады. Лайықты жұмысты тіпті дағдарыс кезінде де табуға болады, сондықтан өзіңді қорқытпа. Тек қай жерден іздейтініңді білуің қажет. Қорықпа, өзіңе не керегін ойлан, сосын барып қызықтырған компанияларға резюмелерді жібер. Өзіңнің жұмыс орныңды мақсат қылып елестет. Мақсаттарыңды бір тізімге жазып, сол тізімнен бір-бірден «орында.
2. Түйіндемелеріңді бәріне жіберме. Өзің туралы ақпаратты компанияларға және сайттарға жіберуге асықпа. Ол сенің абыройыңды төмендетеді. Жұмысқа алушылар сенің не қалайтынын түсінбейтініңді және қалай жұмыс жасау керектігін білмейтініңді көріп, сені жұмысқа алмайды.
3. Нені қалайтыныңды анықтап ал. Қандай жұмыс қалайтыныңды түсінбегенше сенің ізденістерің босқа уақыт жоғалтады. Одан басқа сен өзің қандай айлық және уақыт кестесі саған қолайлы екенін жақсы білуің керек. Осы сұрақтарға өзіңе жауап тапсаң – нақты жұмыс таба аласың.
4. Түйіндемені артығымен жасап ал. Ол кез келген жерде керек болып қалуы мүмкін. Бірақ ішіндегі ақпараттар шындыққа жақындау болуы тиіс.
5. Өзіңнің бағаңды біл. Сұхбатқа барар алдында, өзіңнің бағаңды нарық бағасымен салыстырып ескер. Ол үшін жәй ғана жұмыстағы тәжірибелеріңді сараптауға болады, сол сен орындаған тапсырмаларың жұмыстағы сапалылығыңды көрсетеді. Ең бастысы – өзіңді алдауға тырыспа. Тек сәтті өткен кездерді ғана емес, сәтсіз кездерді де есіңе ал. Осылай істе, сосын басқа да өзің секілді мамандарға қанша ұсынатынын көр. Жалақымен келісуге осылай ыңғайлы болады.
6. Қиын тапсырмалардан қорықпа. Жаңа жұмысты таңдай отырып, қай жерде өзіңе үлкен жауапкершілікті алу, және қиын тапсырмаларды шеше алуыңды қарастыру керек. Бір қызметтен дәл сондай екінші қызметке ауысудың қажеті жоқ – арасындағы есеп ұзақ мерзімді болуы тиіс. Егер компания мен қызметте барлығы еш қозғалыссыз болса, онда кейін сенің жұмысыңды қиындатуы мүмкін.
7. Өзіңе қолайлы жерде жұмыс істе. Егерде бірінші сұхбаттан-ақ бастығыңның мінезі, және талаптары ұнамаса, өзіңді қинама. Сен аз уақытқа орналаса аласың. Егерде қиындық туып жатса, жаңа жұмыс іздеуге кіріссең болады.
8. Өзіңнің осал жеріңді біл. Өзіңнің қателігің туралы да айтып, бөлісіп отыр. Бірақ та өзіңнің қателігіңді біреуге жаба салмай, сол қателігіңді жөндеуге тырыс. Егерде қалай жөндегеніңді сұрап жатса, бөлісіп шешіміңді айт. Ондай жұмыскерді әрқашан жақсы ықыласпен қабылдайды.
9. Ешқашан бұрынғы жұмысың туралы жаман айтпа. Сұхбат кезінде сенің бұрынғы жұмысың, әріптестерің туралы сұраса, жамандама. Жаңа бастықтар ондай айтылғандарды нәрсені жақсы көрмейді.
10. Жетістігің туралы айтқан кезде, фактімен көрсет. Егерде сенің жетістігің тола болса, бәрін айтпай, тек дәлелдей алатыныңды айт. Солай сен өзіңді жақсы жағынан көрсетесің. Мақтануға асықпа – жетістіктерің туралы сұраса ғана жауап беріп отыр.
11. Еркін бол. Сұхбат – ол саған емтихан емес. Сұхбатта отырғанда ұялмай, қысылмай, еркін ұстап отыр. Жұмысқа қабылдаушы қызармай, қорықпай сенің еркін сезінетіңді білсе – ол да бір жетістік.
12. Таныстарыңа айта жүр. Достарың аз болсада, оларға сенің жұмыс іздегеніңді жиі айтып жүр. Достарыңның достары мүмкін біліп қалар қай жерде жұмыс бар екенін. Сол кезде ғана біреу саған қоңырау шалып, күтпеген жерден жұмысқа шақыру мүмкін.
13. Кез келген жұмысқа келіспе. Егер дағдарыс уақытында жұмыс табу қиын болса, тоқтама, іздене бер. Жұмыстар табылады, бірақ саған ол жерде ыңғайсыз сезінуің мүмкін. Əрқашан жұмыс іздегенде, оның жұмыс тəртібін, талаптарын қара. Талаптарына қарамай, келісе салсаң, сенің жүйкеңді жұқартып, жұмыстан сəтсіздікті көп қабылдайсың.
14. Мамандығыңды ауыстыр. Жұмыс іздегенде басқа мамандықтарға да бағыңды сынап көр. Мүмкін, сол жаңа мамандық өміріңді жақсы жағына өзгертуі мүмкін. Сол кезде өзіңнің мамандығың кедерді болғанын сезесің.
15. Уақытша жұмыстардан ақша табудан қорықпа. Егерде жұмыс іздеген уақытыңа көп уақытың кетіп жатса, уақытша жұмыстарды істей бер. Біріншіден, саған табыс жəне аш қалдырмайды, Екіншіден сұхбаттардан, коңыраулардан алшақтап, миың тынығады. Үшіншіден, сен ол жұмыстардан тәжірибе алып, əрқашан жаңалықтан қалмайсың.
Дереккөз: tabysker.kz