Синоптиктер 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады — Ел жаңалықтары

0

Синоптиктер 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, республиканың басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік және шығыс аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар, оңтүстікте, шығыста  жел болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, батыста көктайғақ, солтүстігі мен шығысында бұрқасын  күтіледі.

«Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман, күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел күшейеді», — деді синоптиктер.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, түнде жел болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында көктайғақ болады. Павлодар, Маңғыстау облыстарында түнде тұман түседі.