Руслан Жанпейісов сотталып кетті
Белсенді Руслан Жанпейісов бір жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 шілдеде Руслан Жанпейісовке қатысты сот үкімі шықты. Ол жәбірленушінің денсаулығына орташа ауыр дәрежеде зиян келтірді, сондай-ақ билік өкіліне тіл тигізді, телекоммуникация желісінде бейне жазбалар таратты деген айыптар бойынша кінәлі деп танылды.
Соттың үкімі бойынша белсенді бір жылға бас бостандығынан айырылды. Руслан Жанпейісов жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.