Мәскеудегі сұлулық байқауында қазақ қызы жеңімпаз атанды
Қазақстанның намысын қорғаған Аиша Абенова әділқазылардың жүрегін жаулап алды.
Қарағандының жеті жасар тұрғыны «Mini miss Karaganda 2018» титулының иегері Аиша Абенова «Mini miss grand prix Russia 2018» байқауында әділқазыларды тәнті етіп қоймай, подиумда ғана емес, Instagram желісінде де басты мараптқа ие болды. «Mini miss grand prix Russia 2018» және «Mini miss grand prix Russia Instagram» титулдары Қарағандыға жол тартады.
Қазақстанның намысын қорғаған Аиша Абенова әділқазылардың жүрегін жаулап алды. Жас модельдің жетекшісі айтқандай, мұндай нәтижеге дайын болған екен.
«Жасы кіші болса да, лезгинканы тамаша билейді, ән айтып, пианинода ойнайды, сурет салады, өлең оқиды», – дейді «Art line» модель агенттігінің директоры және «Mini miss Karaganda 2018» конкурсының ұйымдастырушысы Мадина Ахметбаева.
Ал жеңімпаз қыздың өзі бұл жетістігін алға қойған мақсатына қарай алғашқы қадам деп санайды. Болашақта Аиша «Әлем аруы» атанғысы келеді.
«Бұл арулар өте әдемі, мейірімді және ақылды, мен соларға ұқсағым келеді», – дейді Аиша Әбенова.
Дереккөз: Sputniknews.kz