Депутаттар демалыста варенье қайнатып, банкі жауып жатыр
Депутаттар карантинде қысқа қамданып, варенье қайнатып жатыр. Мәжілістегі кейбір ханымдар осылай деді. Аңсап жеткен екі айлық каникулында халық қалаулылары шетелге демалысқа шыға алмай, үйлерінде отырған көрінеді. Ел-жұртты залға жинап, өңірлерге сапарламай-ақ, әлеуметтік желіде кездесу өткізуге бола ма?
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Астанада журналистерден қашып, өңірлерге барғанда облыстық ақпарат құралдарынан түспейтін депутаттар да бар. Өкінішке қарай, карантин олардың екі айлық каникулдағы жоспарын бұзды.
Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
«Бәрі депутаттар Қазақстанда. Бәрі үйінде отыр. Мен де Нұр-Сұлтанда үйінде отырмын. Өкінішке орай шыққан жоқпыз. Отырмыз ойлап, қашан бітеді. Сіздің кейбір әріптестеріңіз дәріханаларды аралап жүр ғой? Мен соны істедім. Менде басқа жұмыс. Салық. Екінші оқылым қиын жұмыс».
Қарақұсова ханым астанада үйінен шықпай отырса, оның жастау әріптесі Мұрат Бақтиярұлы туған жеріне барып, өңірдегі барлық мәселені әлеуметтік желіге жариялауда. Келген соң Парламентте де көтерімін, дейді.
Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
«Менің кездесуім ерте басталып кетті. Өйткені телефон шалушылар осы елде екенімізді біліп кездесуге шақырушылар, аудандағы мәселелерді айтушылар бар. Мен көзбен көріп, барып көргенді жақсы көрем. Бірнеше дәріханаларды араладым».
Сенат пен Мәжілісті қосқанда Парламентте 150-ден аса депутат бар. Каникулға шыққан күні өңірлерге барып, облыс орталығына жақын, асфальт жолмен бір екі ауданды аралап қайтатын халық қалаулыларының біразы телефондарын көтермеді.
Әлеуметтік желіден іздеп көрдік. Азат Перуашевты байқадық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің парақшасында тікелей эфирде жүр.
Азат Перуашевті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Мен жақын арада Арқалық аймағына барып, сол жақтағы азаматтармен кездестім. Маған журналистер сұрақ қойды, Астана мен Алматыда проблема бітіп қалды ма деп».
Президенттің сынынан сабақ алды ма, шабыт алды ма, депутаттардың біразы дәріханаларды, ауруханаларды аралап жүрген сияқты.
Соңғы жылдары депутат Ирина Смирнованың белсенділігі арта түсті. Мәжілістің отырыстарында да үнемі түйткілдерді көтеретін ол еріктілердің қатарына қосылып, індетпен күрес жұмыстарын қадағалау шаралына атсалысып жүр. Әлеуметтік желіде белсенді болып жүрген депутаттың бірі Снежанна Имашева. Комментерден парақшасы қыз-қыз қайнап жатады. Көп болды шетелге де бармағалы дейді.
Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Үш жыл болды, ешқайда барған жоқпын. Санаторийға да. Бурабайға барып келдім. Жұмыс бабымен бардым шетелге. Семьямен 2016 жылы бардым болды».
Мәжілістегі ең жас ханымдардың бірі каникулдағы кездесулерін тамыз айына жоспарлап отыр. Әзірге, қысқа қамданып жатыр.
«Варенье қайнаттым, банкілерді әлі жапқан жоқпын».