KAZ Minerals шахтасындағы қайғылы оқиға: Екі адам қайтыс болды — Тосын жай

0

KAZ Minerals тобы «Шығыстүстімет» ЖШС-ға қарасты Орлов шахтасында қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2 желтоқсанда сағат 09.00 шамасында болған.

«Орлов шахтасының 12-нші жерасты қабатында компанияның үш қызметкері ессіз күйде табылды. Оқиға орнына келген мамандар екі қызметкердің қайтыс болғанын анықтады. Тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақталды», — делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды.

KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.