Қазақстандық балуан сегіз жылдан кейін Лондондағы Олимпиаданың жүлдегері атанды

0

Отандасымыз 120 кило дәрежесінде өнер көрсеткен еді.

36 жастағы еркін күрестен ел намысын қорғаған Дәулет Шабанбай 2012 жылы Лондон төрінде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Халықаралық Олимпиада комитеті сол олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Артур Таймазов (Өзбекстан) пен күміс жүлдегер Давид Модзманашвилиден (Грузия) допинг шыққан соң, жүлдегерлердің нәтижесін өзгертті.

Жаңа нәтиже бойынша Лондон Олимпиадасының алтын жүлдесі ресейлік Билял Маховқа берілсе, күміс жүлде ирандық Комейл Гасемиге берілді. Ал біздің отандасымыз Дәулет Шабанбай қола жүлдегер атанды.

Еске салайық, Шабанбай 2012 жылғы Олимпиада ойындарында 120 кило салмақта сынға түсіп, қола жүлде үшін өткен белбесуде Маховтан жеңіліп қалған болатын.