Халықтың бәрі ауырып шыққанда ғана коронавирус тоқтайды
Қазақстанда коронавирус эпидемиясы қоғамдық иммунитеттің 70 пайызы, яғни тұрғындардың бәрі дерлік ауырып шыққанда тоқтайды. Бұл туралы жоғары санаттағы дәрігер, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Ғалия Жұманбаева қарағандылық «Новый Вестник» басылымына берген сұхбатында айтты.
«Бірақ иммунитет барлық адамда тұрақты, мықты, ұзақ болмай, біздің иммунитетіміз вирустың РНҚ мутациясына төтеп беріп үлгермесе, шамамен үш айдан кейін қайта жұқтыру болуы мүмкін. Салдарынан жаңа карантин. Себебі иммунитет орташа есеппен үш айға шыдайды», — деді профессор.
Дәрігер вирус адам ағзасында екі жолмен тарайтынын айтты. «Бірінші, бірден тыныс алу жүйесіне түседі. Вирус газалмасу жолында микротромбтар түзеді де, науқастың қанында оттек оксигенациясына кедергі жасайды. Салдарынан сатурация (оттегі қоры) төмендейді», — деді ол.
«Екінші, науқас вирус жұтуы мүмкін. Ол кезде асқазандағы қышқылдылықты өлшеу сейілсе, вирус асқазан-ішек жолына түседі. Аш ішектегі пителий жасушаларына үйір болатындықтан, вирус қантамырлар жүйесіне түседі және адам қалтырап, дене қызуы көтеріледі. Оның циркуляциясы полиоргандарды зақымдайды», — деп түсіндірді дәрігер.
Оның айтуынша, вирустан ең тиімді қорғану — иммунитет. «Маска тағу — ұзақ әңгіме. Масканы далада тағудың керегі жоқ деп есептеймін. Ал жабық жерде тағуға болады», — деген пікір білдірді маман.
tengrinews.kz