Қазақстанда белгісіз пневмония таралып жатыр: Денсаулық сақтау министрі жалған ақпаратқа қатысты Қытай елшілігімен сөйлесті

0

Қытай елшілігі Қазақстандағы «белгісіз пневмония» ауруы туралы ақпаратты елшінің денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен әңгімесінен кейін өзгерткен.

Бұл туралы онлайн брифинг барысында сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Нигматуллаұлы Ашықбаев айтып берді.

«Біз серіктестерімізбен, оның ішінде Қазақстандағы Қытай елшілігімен жұмыс істейміз. Бұл жаңалық шыққаннан кейін жаңа денсаулық сақтау министрі телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында оқиғаға түсініктеме беріліп, статистика қалай жүргізілетіні туралы қажетті ақпаратбен бөлісті», — деді Ашықбаев ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар ол екі тараптың келісімге келіп, енді тексерілмеген ақпаратты таратпайтыны туралы уәделескенін жеткізді.

«Қытай елшілігі осы әңгіменің нәтижесінде ол өз азаматтары арасында таратылатын ақпаратқа тиісті өзгертулер енгізді», — деп сендірді Ашықбаев.

Бұған дейін Қытай мен Ресейдің кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанда коронавирусқа қарағанда қорқынышты, өлімге әкелетін белгісіз пневмония туралы хабарлаған болатын. Кейіннен оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрлігінде түсініктеме берді.

stan.kz