Танымал қазақстандық самбошылар — ағайынды Айтжан мен Қайрат Шангараевтар дүниеден өтті
Танымал қазақстандық самбошылар, ағайынды Айтжан мен Қайрат Шангараев қайтыс болды, деп хабарлайды КазТАГ агенттік тілшісі.
Айтжан Шангараев (1963 ж.т.) — 1981 және 1984 жылдары КСРО-ның екі дүркін чемпионы, 1983 ж. КСРО Кубогының жеңімпазы, 1984 ж. Еуропа чемпионы, 1994 ж. Әлем кубогының жеңімпазы, КСРО халықтарының Спартакиадасының екі мәрте жүлдегері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Қазақ КСР-нің бірнеше дүркін чемпионы. 1981-1987 жылдары Кеңес Одағының самбо құрамасының мүшесі болды. Ол 17 жасқа дейінгі ересектер арасында КСРО чемпионы атанған алғашқы қазақ.