БҰҰ Қазақстандағы бөлімшесінің жетекшісі, қоғам қайраткері Жекен Қалиұлы қайтыс болды

0

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, БҰҰ Қазақстандағы бөлімшесінің жетекшісі, Халықаралық «Төлегетай» қорының құрметті төрағасы Жекен Қалиұлы дүниеден өтті.

Қалиев Жекен Қалиұлы 1931 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірді.

С.М. Киров атындағы ҚазҰУ-да ассистент (1961 ж.), шет тілі және роман-герман филология кафедрасының оқытушысы (1962 ж.) және меңгерушісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы (1963 ж.) болып қызмет атқарды.

1965 жылы ҚазКСР ҒА тіл білімі институтына аспирантураға жіберілді.

1968 жылы ҚазКСР сыртқы істер министрлігінің орынбасары болып тағайындалды, сонымен қатар 1968-1970 жж. дейін гуманитарлық факультеттерде жұмыс істеді. Жоғары курстар мен мамандырылған топтарға ағылшын тілінің лексикасынан сабақ берді. 1992 жылы – ҚазҰУ-дың роман-герман филология кафедрасының меңгерушісі болды.

1974 жылы ҚазКСР министрлер кеңесі жанындағы шетел туристік басқармасының бастығы.

Халықаралық қатынастар мәселесіне және жоғары, орта оқу орнына арналған ағылшын тілінің әдістеме құралының авторы.

“Құрмет белгісі”, “Парасат” ордендерімен, ҚазКСР жоғары кеңесінің құрмет грамотасымен, сонымен қатар басқа қалалардың грамотасымен марапатталған. Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкері, ҚР дипломаты, Алматы облысы Ақсу районының құрметті азаматы.