Үкімет тарап, премьер Мәсімов бола ма?
Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Соңғы кезде үкіметтің атқарып жатқан жұмысы пандемия кезінде қауқарсыздығын көрсетті.
- Оңтүстікті су басты;
- Пандемия кезінде білім саласы мен медицина саласында үлкен шу болды;
- Дәрігерлерге медициналық құралдар жеткіліксіз болды;
- Пневмония өршіп, он мыңдаған қазақстандықтар ауырып жатыр;
- Дәрі тапшы;
Егер үкімет дер кезінде тиісті шараларды қабылдаса, осы келеңсіздіктерді болдырмауға мүмкіндік бар тұғын.
Осыған орай кейбір анонимді дерек көздері (телеграмм- каналдар) жақын арада үкіметтің отставкаға кететінін болжап отыр. Дереккөзде Асқар Мәмин сенім кредиті төмендеген.
Ал, премьердің орнына Кәрим Мәсімов келеді-мыс.
Назарбаевтің сенімді өкілі Мәсімов үкіметбасы болып ұзақ отырған шенеунік. Қазір де ҰҚК басшысы.