Медициналық қор төрағасының әйеліне 12 көлікті қалай сыйлағаны тексеріліп жатыр

0

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов соңғы бірер күндікте әлеуметтік желілерде қатты сыналған.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың қанша жалақы алатынын енді Денсаулық сақтау министрінің өзі қарайтын болды. Әйеліне 12-ші рет көлік сыйлаған шенеуніктің мәселесі осылай министрдің бақылауына түсті. Сонымен қатар, қордың қаншалық тиімді жұмыс істеп жатқаны да тексерілмек, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Аудиторлық тексерістер жыл сайын жүргізіліп, есебі Денсаулық сақтау министрлігіне беріліп отырады. Ал оның жалақысына немесе жалпы қордың жұмысына келсек, біз енді ғана жұмысқа кірісіп жатырмыз. Бүкіл мәселені қамтып, барлық материалдарды ақтарып, қаржылық көрсеткіштерін қараймыз.

Қордың жұмысы да қаралады», — деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, қазір бүкіл күш-жігер коронавируспен күреске жұмылдырылған. Дегенмен, Алексей Цой бұл жұмыстар жуық арада қаралатынын айтты.

Ал қазіргі сәтте өздері күні-түні жұмыс істеп, 3-4 сағат қана ұйықтап жүр екен. Ең бастысы, дәрі-дәрмекті уақтылы жеткізіп тұруға баса көңіл бөлінген.

Дегенмен, министр аталған қордың жұмысы да назарсыз қалмайтынын айтады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов соңғы бірер күндікте әлеуметтік желілерде қатты сыналған.

Дауға әйелінің осымен 12-ші рет сыйлыққа көлік алып жатқанын әлеуметтік желіде мақтанышпен жазуы себеп болды.