Денсаулық сақтау министрлігі жарнама үшін 600 млн. теңге жұмсамған
Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы PR-науқанға және бейнероликтерге 600 миллион теңге бөлді. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева айтты.
«Кеше Президент коронавируспен күреске 191 миллиард теңге бөлінгенін айтты. бірақ оған дейін бізге 400 миллион доллардай бөлінген болатын. Біздің сараптамалық топ бұл ақшаның қалай жұмсалғанын, қандай іс-шараларға жұмсалғанын қарастырып жатыр. Менде бар ақпарат бойынша,пиар-компанияларға, роликтерге 600 миллион теңге бөлінді. Ал шын мәнінде ол ақшаға елімізге қажет біраз рерурс алуға болар еді «,-деді Соловьева жемқорлыққа қарсы қызметтегі брифингте.
«Біздің есептеуіміз бойынша, шамамен 200 миллион белгісіз мақсатта жұмсалған. Біз қазір талдау жүргізіп жатырмыз. Бірақ ақшаны бюджетке қайтару қиын болар, себебі ол ақша тендер арқылы біреуге беріліп қойды ғой, яғни тендер ұтқан компанияға», — деді ол.
kaz.tengrinews.kz