Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды

0

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы әкім өзінің Инстаграмдағы парақшасында айтты.

Қайрат Ахметов тестілеудің оң нәтиже көрсеткенін, сондықтан оқшаулануға көшетінін айтты. Алайда, Қостанай қаласының әкімі өз жұмысын қашықтан жалғастыра береді.

«Қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!», — деп жазды әкім. 

https://www.instagram.com/p/CCZ4tH_gQ9l/