Тоқаев не өтірік тапсырма береді, не ешкім тыңдамайды: Президенттің жұмысына сын айтылды

0

Тоқаевтың телеүндеуінен кейін желі қолданушылары арасында президенттің жұмысына күмәнмен қараушылар көбейді.

Журналист Бағашар Тұрсынбай: «Осы президент тапсырма беріп-ақ жатады. Оңалмай қойдық қой. Екі-ақ нәрсе, не өтірік тапсырма береді. Не ешкім айтқанын тыңдамайды» деді.

Оңғар Қабден: «Төтенше жағдай мен карантинді тоқтатқан Біртанов па еді? Халыққа ақша бермеу үшін Ақорда тоқтатқан болатын. Енді кеп Біртанов кінәлі» деді.

Ақын Қазыбек Иса: «ЦОЙДЫҢ БҰЙРЫҒЫНАН ҚОЙДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ КҮШТІ» деп жаңа мақал ойлап тауыпты.