Қарағандылық инженер лотереядан 24 млн теңге ұтып алды |

0


Оқылды:
21

Қарағандылық инженер лотереядан 24 564 426 теңге (64 мың доллардан астам) ұтып алды.   

 Дулат есімді Қарағандының 50 жастағы тұрғыны супер-жүлдені жеңіп алды. Ставкалардың бірі «5 нөмір + бонустық шар» ұтыс комбинациясына сәйкес келген. 

Өзінің айтуынша, лотереяны көптен бері ойнайды екен. 1200 теңге тұратын жүлделі билетті 21 қарашада сатып алған.  

«Лотереяны сонау кеңес заманында, жас кезімде-ақ ойнай бастадым. Шамамен 40 жыл бойы ойнап жүрмін, жиі ұтып тұрамын. 25 жасымда 168 рубль ұтып алдым, біз бұл ақшамен Анапаға бардық. Лотереядан ұтыс алудың арнайы әдісі жоқ» – деді бақытты жан.

30 қарашада Satty Zhuldyz лотерея компаниясының президенті Александр Тен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында банк бөлімшесінен ұтысты аудару туралы есеп-қисапты жариялады.

Салық төлегеннен кейін Дулат қолына 22 миллион 109 мың теңге алды.