Қазақстандық танымал актер жансақтау бөлімінде жатыр

0

Журналист Жарылқап Қалыбай отандық танымал актер Дархан Дайырбектің жансақтау бөлімінде жатқанын мәлім етті.

— «Менімен аурухананың бір бөлмесінде жатқан «Терісқақпай» театрының актері, бірнеше киноға түскен Дархан Дайырбектің дем алуы нашарлаған соң 6 күн бұрын жансақтау бөліміне ауыстырған.

Екі күннен бері ватсабы жауап бермеген соң, дәрігерімнен көмек сұрап едім, жағдайы нашар екенінін әріптестерінен біліп берді. Осыған байланысты Дарханның туыстары мен достарының шұғыл түрде ауруханаға келіп, жағдай сұрап, хабарласып, қолынан келген көмектерін аямауды өтінемін. Ал әлеуметтік желідегі ағайынға дұғада болуды сұраймын. Алла шипасын беріп, жансақтау бөлімінен аман шығуына тілекшімін!», – дейді Жарылқап Қалыбай.

Осы хабарды естіген қоғам белсендісі Ғабиден Жәкей былай деп жазды.  — «Ағасы Қайрат пен сөйлестім. Жағдайы орташа, сорпа ішіп, денсаулығы жақсаруда деп қуантып қойды», – дейді ол.

Айта кетейік, Дархан Дайырбек 1969 жылы дүниеге келген. Қазақстанның мәдениет қайраткері, актер. «Терісқақпай» комедия театрының әртісі. Отандық бірнеше фильмдерде басты рөлді сомдаған: «Әкім», «Құдалар», «Қазақша тонау», «Сүрбойдақ», «Келинка Сабинка-2», «Бес күндік күйеу», «Мен күйеу баламын», т.б.

baq.kz