Нанға жоқ, ал араққа ақша табатын бомж сияқты: Желі қолданушылары Назарбаев монументын сынап жатыр
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінде тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа монумент ашылды.
Аталмыш монумент туралы постардың біріне Шапағат есімді бір қарындасымыз «Осы Үкімет халыққа беретін ақша таппай қалады екен де, ал, шалға бірдеңе ашатын болса, таба кетеді екен. Құдды бір тамаққа ақша таппай, арақ ішуге ақша табатын бомждар секілді» деп пікір іліп кетіпті.
Ал, Шалқар Нұрсейтов атты қолданушы :»Президент Тоқаев Қазақстандағы COVID-19 пандемиясының ауыртпалығын жеңілдету үшін монумент ашып жатыр» деп пікір жазыпты.
Мят Кішібай: «Нұрботтар үшін тағы бір құлшылық орыны пайда болыпты» деп жазды.