Ажал келіп, ауылымызды аралап жүр…
Ажал келіп, ауылымызды аралап жүр. Күніне қанша үйге кіріп-шыққаннын естіп, біліп отырмыз. Көшеге барсақ, алдымнан шыға ма деп бір қорқасың, үйде отыра берсем, іздеп келе ме деп тағы қорқасың.
Келсе есігіңді қағып тұрмайды ол, ентелеп тәніңе кіріп, жаныңмен бірақ шығар…
Әне, кеше төгіліп той жасаған үй жалғыз имаммен жаназа шығара алмай, қор болып тұр… Кеше ғана тойда тосылмай тост сөйлегендер бүгін үнсіз… Ал, тірісі тегін жұтқан ауасына зар боп жатыр…
Бір жапырақ матамен аузын орағысы келмегендер бүгін тегіс кебінге ораныпты..
Бірақ, оған біз емес кінәлі… Кінәлі анау, сосын мынау, тағы әлгілер бар…
Бастысы оларды уақытында жазғырып, кінәләп үлгерсек болды…
Ал, анау әне, тағы бір үйге кірді…
Багдат Амангельды
Фейсбуктегі парақшасынан