Динара Сәтжан желіде суыт хабар жеткізді
Қазақстандық тележүргізушінің нағашы апасында коронавирус диагнозы расталған, Сәтжанның айтуынша, қазір Жаңаарқада вирус өршіп тұр
Танымал қазақстандық тележүргізуші, дизайнер Динара Сәтжанның нағашы апасы коронавирустан қайтыс болды.
Қаралы хабар жайлы Сәтжан Instagram-дағы парақшасында жазды.
Айтуынша, нағашы апасы коронавирустан көз жұмған.
«Бұл қауіпті ауру қазір Жаңаарқада өршіп тұр. Ол жаққа маусымның басында барған едім. Апам өзін жақсы сезініп жүрді. Егер де осы вирус болмағанда, ол кісі әлі кем дегенде 10-15 жыл өмір сүретін еді», — деп жазды тележүргізуші.
37 жастағы Динара Сәтжан Қарағанды облысының Жаңаарқа кентінде туған.
Соңғы деректерге сүйенсек, қазір Қарағанды облысында індетке шалдыққандар саны бес мыңға жақындап қалды. Қазақстан бойынша 42 474 адамда коронавирус диагнозы расталды.
sputniknews.kz