Қазақстанда 5-шілдеден бастап карантин: Тоқаев үкімет ұсынысы туралы айтты
Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау ұсынылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
«Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді» делінген хабарламада.
Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 1, 2020