27 және 28 маусымда Алматыда не жабылады

0

Алматы қаласында қосымша шектеу карантиндік шаралар 2020 жылғы 27 маусым сағат 00.00-ден 2020 жылғы 29 маусым сағат 00.00-ге дейін күшіне енеді.

Көрсетілген кезеңде КВИ-дың таралу қаупі жоғары жабық объектілердің қызметі тоқтатылады:

– ірі сауда желілері (азық-түлік, азық-түлік емес);
– жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес, әмбебап), сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;
– әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, көше форматындағы ашық ауадағы объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;
– фитнес орталықтары.

Базарлар өз қызметін 2020 жылдың 29 маусымында (дүйсенбі) жаңарта алады.

Қоғамдық көлік да осы демалыс күндері жұмысын тоқтатады.

Жоғарыда аталған объектілерде санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін болады.

Қосымша шектеу шараларына байланысты азаматтарға қала бойынша жүруді шектеу ұсынылады.

Жұқтыру қаупі тобына кіретін адамдарға, әсіресе егде адамдарға үйде қалу ұсынылады. Эпидемияға қарсы іс-шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1308 нөмірі бойынша хабарласа алады.