Ресми өкіл: «Вирусқа сенбейтіндерді емдемейміз, өлген соң жерлуге апарамыз…»
«Коронавирусқа сенбей жүре беріңіздер, көз жұмасыздар, сосын апарып жерлейміз.»
Денсаулық сақтау министрлігінің Диас Ахметшәріп вирусқа сенбей жатқан жұртқа ескерту айтты.
Соңғы аптада коронавирус індеті өршіп тұр. Халық арасында да, шенеуніктер арасында да ауру жұқтырғандар саны басым.
Алайда індетке сенбестік танытқандар тағы бар. Олар әсіресе желіді пікірін ашық айтып, аурудың жоқ екенін жазады.
Танымал тұлғалар аурудан сақтанып жүруге шақырып, ескерту айтып жатыр. Осы ретте Ашық алаң бағдарламасында Диас Ахметшәріп ескерту айтты.
«Вирусқа сенбейміз дейді. Ауруға сенбесеңіздер, ертең ауырғанда көздеріңіз жетеді. Ол кезде сізді ешкім емдемейді. Орын да табылмайды. Қазір науқас саны көп. Мен ресми өкіл ретінде айтамын. Ақыры сенбейді екенсіздер, ертең ауырып көз жұмасыздар, сосын сіздерді апарып жерлейміз», — деді ашынған ол.