Коронавирус жұқтырған Берік Уәли өз жағдайы туралы айтты

0

«Менде симптомдар коронавирус анықталғаннан кейін байқала бастады. Дене қызуым жоғарылап, тамағып қышып, бүкіл денем сынып тұрғандай болады. Дене қызуымен он күндей түспей қойды, кей күні 39 градусқа жетті. Тәбетім де болмады. Дәрігерлер тексерген кезде пневмония деген диагноз қойды, хаттама бойынша ем жазып берді. Кешеден бастап қана өзімді жақсы сезіне бастадым. Дене қызуым түсіп, тыныс алуым да жақсарды.

Мені емдеп шыққан барлық дәрігерге және медициналық қызметкерге алғыс айтамын. Ол кәсібилігінің арқасында жағдайым жақсарды», — деді Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісіне.

Ол барлық қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы үшін карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Әлеуметтік қашықты сақтау керек, санитар дәрігерлердің айтқандарын орындау қажет. Маска тағып, қолғап кию өте маңызды, сондай-ақ қолды үнемі дезинфекциялау керек.

Өкінішке қарай, менің егде жастағы ата-анамнан да коронавирус анықталды. Бастапқыда солардың денсаулығы үшін қатты алаңдадым. Қазіргі уақытта оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Біздің дәрігерлер мен медбикелерге тағы да алғыс айтамын. Қазір ата-анамның жағдайы қанағаттанарлық. Таяуда жазылып кетеді деген сенімдемін», — деді баспасөз хатшысы.

Еске салайық, Берік Уәлидің коронавирус жұқтырғаны туралы 6 маусымда хабарланған болатын.

Tengrinews.kz