«Шектен шықты». Банк алматылық әйелден 45 миллиард теңге талап еткен
Алматы тұрғынына банк 45 миллиард теңге (111 миллион доллар — еск.) көлеменде несие алғаның үшін деп қарыз шығарыпты, — деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы«.
Мұндай үлкен сома несие шарты бойынша сот құжаттарында көрсетілген. Бірақ әйел қисынсыз қателік кеткенін айтады.
«Бұл я қате, я сот жүйесінің шектен шыққаны. Мен барлық органға жаздым. Анамын, бес жастағы баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Пәтерім ипотекада. Барлық есепшотымды бұғаттап тастады, тіпті ипотекамды төлей алмай отырмын», — деді Зебихон Қадырова.
Әйел қарызға ақша алып, қорғаушы жалдаған және аппеляцияға берген. Сөйтсе, 10 жыл бұрын ол бір фирмада заңгер болып жұмыс істеген және банк пен фирма арасындағы несие шартына қатысым болады деп ойламаған да. Біреу оның атын пайдаланып, келісімге қосып жіберген.
«Өзі шетелде болғандықтан, бұл келісімге қол қоймаған. Яғни ол іс жүзінде бұл келісімге қатыспады. Біреу оның төлқұжат деректерін алған және пайдаланған», — деді қорғаушысы Талғат Мылтықбаев.
Шағым берудің жалғыз жолы — Жоғарғы сотқа жүгіну. Бірақ бұл оңай емес. Әйел мемлекеттік баж салығын — қарыздағы соманың бір пайызын төлеу керек. Ал ол — 450 миллион теңге.
«Қазір іс аудандық сотқа жіберілді. Қазір сот ғимаратында дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр. Содан соң тиісті ақпаратты хабарлаймыз», — деген пікір білдірді жағдайға қатысты қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.
Қорғаушы мен алматылық әйел жауап беретін тұлғаның қолы шартта көрсетілмесе, қалайша сот миллиардтаған соманы төлеу туралы шешім шығарғанын түсінбейді. Олар істің қайта қаралуын талап етеді.