Қазақстанда өткен тәулікте 366 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

0

Республика бойынша өсім 2,6 процент болды, дегенмен Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 7 проценттен асып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 366 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы өсім 2,6% болғанын хабарлады.

Өңірлер бойынша:

  • Қарағанды ​​облысы — 77 (5,7%),
  • Алматы қаласы — 46 (1,5%),
  • Шымкент қаласы — 46 (4,4%),
  • Павлодар облысы — 35 (11,7%),
  • Атырау облысы — 32 (2,6%),
  • Нұр-Сұлтан қаласы — 24 (0,9%),
  • Батыс Қазақстан облысы — 20 (2,2%),
  • Түркістан облысы — 20 (4,8%),
  • Ақтөбе облысы — 10 (2,0%),
  • Алматы облысы — 10 (2,0%),
  • Шығыс Қазақстан облысы -10 (4,5%),
  • Жамбыл облысы — 9 (1,9%),
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 8 (10,5%),
  • Қызылорда облысы — 7 (1,4%),
  • Қостанай облысы — 5 (2,4%),
  • Ақмола облысы — 4 (2,2%),
  • Маңғыстау облысы — 3 (0,8%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 14238.

Соңғы мәлімет бойынша, індеттен 8829 науқас жазылып шығып, 70 адам қайтыс болды.