Солтүстістік Қазақстанда жасөспірімнің аяғын ара кесіп кеткен: Жігіттің жағдайы ауыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері сан артериясын ара кесіп кеткен 15 жастағы баланың өміріне араша түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап. 

аурухана

Оқиға 10 маусым күні болды. СҚО балалар ауруханасының мәліметінше, 15 жастағы бала жедел түрде аса ауыр халде жеткізілді. Электр тогымен жұмыс істейтін ара жасөспірімнің санын тіліп кетіп, салдарынан сан артериясына зақым келген. Ауруханаға түскен кезде балада геморрагиялық және жарақат шогы болған.

«Баланың өмірін сақтап қалу үшін жедел әрекет етуге тура келді. Сан артериясының қан торабына аутовена қойылып, нәтижесінде сол аяғы қанмен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты түрде ауыр, жансақтау бөлімінен әрі қарай емдеу үшін ангиохирургиялық бөлімге ауыстырылды. Тағы бір баланың өмірін сақтап қалдық. Қазіргі уақытта оның өміріне келер қауіп жоқ», — деді СҚО балалар ауруханасының дәрігерлері.

Мамандардың айтуынша, жаз уақытында балалар арасында түрлі жарақат алу оқиғалары жиілейді. Сол себепті облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ата-аналарды балаларына бас-көз болып, оларға қауіпсіз жағдай жасауға шақырады.
 

stan.kz