Танымал актер Мәскеу орталығында мас күйінде жол апатын жасады
Қысқа сілтеме алу
Көлік тізгіндеген актер жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, фургонмен соқтығысқан. Оның жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Ресейлік әйгілі актер Михаил Ефремов Мәскеудегі Смоленск алаңында болған апаттан кейін ұсталды. Сараптама оның қанында алкоголь бар екенін көрсетті.
«Жол көлік оқиғасы 8 маусым күні сағат 21.44-те (Мәскеу уақытымен) Смоленск алаңындағы 3-үйдің маңында болды. Jeep Grand Cherokee көлігін басқарған Михаил Ефремов жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, фургонмен соқтығысып қалды», — деп хабарлайды РИА Новости.
Жол апаты болған сәт бейнебақылау камерасына жазылған.
Ефремовтің өзі жарақат алмаған. Ал Lada көлігінің жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Актерге жасалған сараптама қорытындысы оның қанында алкоголь бар екенін көрсеткен.
Осыдан кейін полиция Ресей қылмыстық кодексінің 264-бап, 2-бөлігі бойынша (мас күйінде жол жүру ережесін бұзу, адам денсаулығына абайсызда ауыр дене жарақатын салу) қылмыстық іс қозғады.
Оқи отырыңыз: Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды
Бұл бапта жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
sputniknews.kz