Анджелина Джоли мен Брэд Питт балаларды сотсыз бөліп алды — Шоу-бизнес
Голливуд жұлдыздары Анджелина Джоли мен Брэд Питт ендігіде актер ретінде ғана емес, ақылды ата-ана ретінде басқаларға үлгі болады. Ажырасу кезінде балалардың күйзеліске ұшырамасы үшін олар өзара келісіп, балаларды кім қамқорлығына алатыны туралы шешті.
Ажырасу туралы шешім шығарғаннан кейін голливуд жұлдыздары мүлік пен балалар кіммен тұрады деген мәселеге тап болды. 2018 жылы 4 желтоқсанда балалардың кімнің қамқорлығында болатыны туралы сот отырысы өтуі керек болатын. Айта кетейік, олардың отбасында алты бала кәмелетке толмаған. Брэд Питт бірге қамқорлық етуді сұраған, алайда күйеуінің опасыздығына ренжіген Джоли балалар тек өзімен қалуын талап еткен еді.
Алайда отбасылық жұп соттың араласуынсыз балалардың кіммен қалатыны жөнінде өзара келісімге келгені туралы белгілі болды.
«Балаларды қамқорлыққа алу келісім психологтың нұсқаулығымен негізделген. Соның нәтижесінде сот процесінің керегі жоқ. Келісімнің егжей-тегжейі балаларды қорғау мақсатында құпия сақталады», — деді заңгер Саманта Блей Деджан.