Шығысқазақстандық теміржолшылар балалар үйіне 12 млн теңгеге жуық қаржы аударды
ШҚО, BAQ.KZ. Бірнеше жылдан бері Шығыс Қазақстан облысындағы Балалар үйінің жеті тәрбиеленушісін өңірлік жол бөлімшесінің ұжымы өз қамқорлықтарына алып келеді.
Үш тәрбиеленуші – Архат пен Карина Груздевтер және Татьяна Маслова жергілікті жүк тасымалы бөлімшесінің патронаттығында. Сонымен қатар, «ӘТЖК» АҚ филиалының, Защитинский дабыл және байланыс дистанциясының, Защитинский және Серебрянский жол дистанциясының жұмысшылары балалар үйінің тәбиеленушілері — Мавлади Голяковтың, Сергей Кривченконың, Ислан мен Ислам Мамытовтардың мұқтаждықтарына, сабағына және қажетіне көңіл бөліп келеді.
«Теміржолшылар жыл сайын балалардың есеп-шоттарына олар баспана сатып алуы үшін ақша аударып келеді. Міне біздің тәрбиемізден өткен Владимир Вторушин Балалар үйінен шыққанан кейін теміржолшылар жинап берген ақшаға Белоусовка ауылынан өзіне үй сатып алды. Бізді осы қуантады, енді балада баспана бар. Ал ары қарай барлығы да оның өз қолында», — дейді «Қазпрофтранс» ҚБ Орталық кеңесінің өкілі Әйгүл Жайлаубаева.
Шығыс-қазақстандық теміржолшылар өздері демеушілік көрсетіп келе жатқандардың мамандық иеленуіне, білім алуына ерекше назар аударады. Осындай игі қолдаудың арқасында Балалар үйінің тәрбиеленушісі Татьяна Маслова қазір М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында оқиды. Ол болашақта өз өмірін темір жолмен байланыстыруды қалайды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ