Таразда түлектер кортежіне қатысушылар жазаланды
Қысқа сілтеме алу
Бір емес бірнеше бап бойынша жауапкершілік арқалаған жүргізушілер құжатсыз көлік тізгіндеп, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Тараздық полицейлер мектеп түлектері үшін кортеж ұйымдастырған азаматтарды анықтап, үш жүргізушіге 9 әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірде 1 маусымнан бері арнайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның нәтижесінде мектеп бітіруші түлектерге арнап ұйымдастырылған шараларға қатысқан жүргізушілердің заңға қайшы бірнеше әрекеттері әшкереленді. Үш жүргізушіге 9 хаттама толтырылған.
«Атап айтқанда, «ВАЗ 21144» маркалы көлігінің жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзу кодексінің үш бабы бойынша жауапкершілікке тартылса, «Мерседес Гелендваген» көлігінің тізгінін ұстаған қала тұрғынының әрекеті аталған кодекстің төрт бабына қайшы деп танылған. Сол сияқты «Мерседес Кабриолет» көлігінің иесі аталмыш кодекстің екі бабын бұзған», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бір емес бірнеше бап бойынша жауапкершілік арқалаған олар жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеп, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Сонымен қатар, көлігімен жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүріп, қауіпсіздік белбеуін тақпаған. Тіпті, жалған мемлекеттік көлік нөмірін орнату сияқты заңға қайшы әрекеттерге барған.
Оқи отырыңыз: Министр биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсыратынын айтты
sputniknews.kz