Коронавирустан қорғайтын бетперденің көмегімен полицейлер педофилді таба алды — Қазақстан жаңалықтары
АҚШ-тағы Калифорнияда педофилге қатысты қылмысқа күдікті ер адам табылып, қамауға алынды. Оны коронавирусты жұқтырудан қорғайтын өзі лақтырған масканың көмегімен табу мүмкін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
28 жастағы Леонардо Рамирес дүйсенбіде баланы күшпен зорлады деген айыппен қамауға алынды. Бірақ бастапқыда полиция қызметкерлері оны басқа себеппен учаскеге шақырған.
Ер адам бөлімшеге кірген кезде одан коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында жаңа қорғаныш бетпердесін киюді сұрады. Ол полицейлерді тыңдап, ескі бетпердесін шешіп, оны кабинеттегі қоқыс шелегіне лақтырды. Кейіннен одан сараптама алынды.
Анықталғандай, екі жыл бұрын зорланған кәмелетке толмаған балада қылмыскердің ДНҚ үлгілері қалып қойған. Рамирестің шелектен алынған бетпердесін талдау оның баланы зорлағанын растады.
Күдікті қылмыс жасағанын мойындады.
Полиция капитаны Кит Бойд офицерлер қолданған тактика дұрыс емес екенін айтты, бірақ бұл көшені қауіпті қылмыскерден құтқаруға көмектесті.
stan.kz