Бас прокуратура 6 маусым митингке шқпауға шақырды — Қазақстан жаңалықтары
Еліміздің бас прокуратурасы карантин жағдайында митингке шыққандар қатаң жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
6 маусымға қарсы кейбір белгісіз азаматтар арандатушылық жасап, митингке шақыратын болады, ондай ақпараттар мен бас көтерулере сенбеңіздер, наразылыққа шықпаңыздар дейді прокуратура. Олардың айтуынша ереже бұзғандар заң бойынша 15 тәулікке темір торға қамалады.
«Жекелеген тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылғы 6 маусымда жаппай митингілерге шығуға шақыруда. Жаңадан белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу заңсыз болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады», — дейді бас прокуратура.
Заңсыз жасалған әрбір әрекет біздің бақылауымызда болады, сіздерге алдын ала ескерту жасап отырмыз дейді олар. Осылайша прокуратура мезгілсіз митингтердің алдын алу жұмыстарын бастап кеткен.
«Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүрсе, қылмыстық жауаптылық туындайды. Осыған байланысты, азаматтарды арандатушылық жасамауға және заңсыз жария акцияларға қатысудан бас тартуға, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу кезінде жаңа заңның ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз», — дейді бас прокуратура.
stan.kz