Нұрболхан: Ахметбек Нұрсила шәкірттерін лоторея ойнатуға үйреткен, кейін жұлдыздарды айыптамақ болған — Қазақстан жаңалықтары
Нұрболхан Шарапов пен Елдос Қадірханов, Серік Ибрагимов Ахметбек Нұрсиланың шынайы бетпердесін ашты. Олар Дина Төлепбергеннің қызметі нағыз журналистің келбетіне ұқсамайды дейді.
Нұрболхан Шарапов пен Елдос Қадірханов, Серік Ибрагимов өзара отырып «шегіртке» мәселесін талқылады.
Соңғы кезде әншілердің шегіртке атанып, Ахметбек Нұрсиланың абыройын артты. Кейбірі кәсіпкердің өзін айыптады.
«Алдымен Дина Төлепберген туралы айтсам. Ол кісіні нағыз журналист, шындықты бетке айтады деп жатады. Нағыз журналист маман әншілердің лотореясын зерттей ме? Лотореядан тұра ма шындық? Шындықты айтатын болса коронавирус жайлы неге айтпайды? Шындықты айтатын журналист болса, канша миллиардтаған ақша туралы неге айтпайды? Неге басқа шындықтың бәрін айтпайды», — деді Нұрболхан.
«Айтатын болса, жұмыстан кетер еді», — деп қосты Елдос «Колобок».
«Мақтаралға барып неге материал дайындамады? Неге журналистік зерттеу жасамады», — деді ол.
Серік Ибрагимов еріккен адамның бәрі әншілерді айыптайтын болды деп налыды.
«Қазір бірнәрсе болса, әншілерді айыптайды. Осынша ақша алады екен дейді. Біз өзіміз сұранбаймыз ғой тойға барайықшы деп. Өздері сұрайды ғой. Сұраныс бар бастысы», — деді ол.
Серік Ибрагимов тойға 2 мың долларға, Елдос Кәдірханов 300-400 мыңға, Нұрболхан Шарапов 400 мыңға тойға шығатынын айтты.
«Шегіртке тақырыбын көтерген Ахметбек Нұрсиланың «бә, бә» деп ән айтқаны қай сасқаны? 60 жастағы азамат. Немерелерінен ұялмай ма? Ол кісінің негізгі мақсаты — билікке келу екен. Шәкірттерінің өзі лоторея ұйымдастыруды үйренген. Солайша жұлдыздарға қарсы шығып отыр. Бұл өзіндік әдісі. Жұлдыздарды халыққа қарсы қою арқылы өзіне ұпай жинайды. Сосын халықтың сеніміне кіріп, соңынан ерген соң билікке ұмтылмақ. Партия ашпақ», — деді әзілкеш.
stan.kz