Қытайда ер азамат балабақшаға басып кіріп, 40 адамды пышақтап тастады — Қазақстан жаңалықтары
Қытайдың Гуанси-Чжуан автономдық ауданында белгісіз ер азамат балабақшаға пышақпен басып кіріп, 40 адамды жарақаттаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ABC News басылымы жазыпты.
Басылымның мәліметінше, алты жасқа толмаған 37 бала мен екі ересек түрлі пышақ жарақаттарын алған. Ал қытайлық CCTV арнасы таратқан мәлімет бойынша, балабақшаның директоры мен күзетшісін қосқанда 40 адам зардап шеккен. Барлығының да жағдайы ауыр көрінеді.
Күдікті ретінде ғимарттың 50 жастағы күзетшісі ұсталыпты. Қазір істің мән-жайы анықталуда екен.
Атап кетерлік жайт, Қытайда бұған ұқсас жағдайлар осымен екі жыл бұрын орын алыпты. 2018 жылы Чунцин қаласында әйел адам балабақшаға кіріп 14 баланы жарақаттаған. Ал 2010 жылы қытайлық мектептердің бірінде 20 оқушы ажал құшқан.
https://www.youtube.com/watch?v=i92ZksENXA0
stan.kz