«Басынан сорып, бетіне түкіремін»: Гүлзира Айдарбекова бойында ел білмеген тәуіптік қасиеті барын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Гүлзира Айдарбекова елден жасырған ерекше қасиеті жайлы айтты. Оны аяулы ана, азулы продюсер ретінде танысақ енді тәуіптік қасиеті барын біліп отырмыз.

Қайраттың анасы: Балгерлер Алланың жіберген адамы деп ойлаймын

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

«Кейде кішкентай баланың дене қызуы көтеріліп, ауырып жатса, бір күш артымнан итерген секілді болады. Өзім не болғанын түсінбей, өзіме-өзім сыймай кетемін. Бірден баланы берші деп көтеріп аламын. Баланың еңбегінен (ред. басының шұңқыры) сорамын да, бетіне түкіремін. Бала  сылқ түсіп ұйықтайды да, содан жазылып кетеді», — деді Айдарбекова. 

Продюсер өз немерелерін де осылай емдеп алады екен. Бойындағы қандай күш екенін өзі де түсінбейді. 

Оған көріпкедік қасиет нағашы атасы мен апасынан дарыған. 

«Мен тәуіп болғым келмейді. Кіріп кетпесем екен деп қорқамын. Бірақ бойымда бір қасиет бар екенін білемін. Күйеуім де, балаларым да біледі», — деді продюсер. 

Ол өзіне көмек сұрап келген адамдарды қалай емдейтінін айтты. 

«Егер ауру қатты өтіп кетсе, үш күн, қатты өтіп кетпесе, бір күн тамағын басып, түкіремін. Солай емдеп жазамын. Өзімнің сыйлайтын заттарыммен сылап, массаж жасаймын. Ауруханаға жіберіп, антибиотик салдырмаймын «, — деді Айдарекова. 


«Ұлыма рахмет айтам»: Қайрат Нұртастың анасы жаңа зәулім үйін көрсетті (видео)


stan.kz